1. Өрт болған жағдайда барлық қызметкерлердің ең бірінші іс-әрекеті баланың өмірін қорғау және құтқару жолдары болу керек.
  2. Әрбір қызметкер өрт болғанын немесе өрттің болып жатқанын сезген кезде міндетті түрде:

           а) 101 өрт сөндіру бөлімшесіне телефон шалу керек (ол үшін балабақшаның толық мекен-жайын, өрт болған жерді, өзінің қызметін, аты-жөнін айту керек);
б) барлық өртті сөндіретін заттарды іске қосып, (адамдарға өрт болғанын айту) өзі және басқа адамдарды балаларды ғимараттан қауіпсіздік жоспарымен жерге алып шығу, құнды заттарды сақтауға, өртті сөндіруге көмектесу;
в) өрт болғаны туралы балабақша меңгерушісіне, басқа уақытта меңгерушінің уақытша қызметін атқарушыға хабарлау;
г) өрт сөндірушілерді қарсы алуды ұйымдастыру, бақшадағы барлық өртті сөндіретін заттармен өртті сөндіру;

  1. Өрт болып жатқан жерге келген балабақша басшысы:

           а) өрт туралы қайта өрт сөндіру орнына және жоғары орындарға ақпарат беру;
           б) басшылық жасап өрт сөндірушілер келгенше балаларды және қызметкерлерді өрттен алып шығу. Егер адам өміріне қауіп қатер төнетін жағдай болған жағдайда оларды құтқару үшін барлық күшті және амалдарды жасау;
в) ғимараттан шыққан балаларды тізіммен тексеру;
д) өрт сөндірушілірді қарсы алып, өрт болып жатқан жерге су жолы қалай тиімді жөнінде тиімді жолын көрсету;
г) балаларды құтқаруға, өртті сөндіруге қатыспайтын басқа қызметкерлерді қауіпті жерден шығару;
д) егер қажет болған жағдайда жедел жәрдем және т.б. қоғамдармен хабарласу;
ж) ғимараттағы барлық жұмыстарды тоқтату;
з) электр қуатын өшіру, басқа жерденде өрт болмауын және ғимараттың түтіндеуін қадағалау;
л) өрт сөндіруге қатысып жатқан қызметкерлердің өміріне қауіп келмеуін, улы заттардан улануына, жоғары температура, электро тоғымен зақымданбауын  қадағалау;
м) өртті сөндірумен бірге бағалы заттарды қорғап оларды ғимараттан шығарып, орын дайындап және егер күзету керек жағдайда күзетші қоюына міндетті;

  1. Өртті сөндіруде және құтқару жолдарын жасап жатқан кезде өрт сөндірушілер келгенде ғимаратта қанша адам бар, оның құрылымын, ғимараттың ерекше жерлерін, қасындағы құрылыстарды, қанша жанғыш, улы, жарылғыш, радиоактивтік заттардың және тез жанғыш заттарды алып шығу керек.

          а) жағдайға байланысты аз уақытта балаларды, қызметкерлерді құтқаруда қосымша 
есіктердің, жолдардың жағдайын жасау;
б) қорқу немесе шу шығаруды болдырмау. Өрт болған жағдайда тәрбиешілер, басқа қызметкерлер балаларды қараусыз қалдырмау;
в) құтқаруды өрт болған жерге жақын топтан бастау керек, ал ең кіші топтарды бірінші орында құтқару басталады;
г) қыс мезгілінде балаларды құтқарушылар алдымен балаларды киіндіріп немесе өздерімен бірге алып шығады;
д) балалар немесе қызметкерлер қалып қоймауы үшін барлық  бөлмелердегі үстел астын, шкафтардың ішін, басқа жерлерді мұқият қарау;
ж) ғимараттан шығатын жерге балалар немесе қызметкерлер қайтадан өрт болып жатқан  жерге кірмеуі үшін қүзетші сайлап қою;
з) өртті сөндірмей тұрып ең алдымен балалармен қызметкерлердің құтқару жолдарын ойлану;
л) өрт болған жердің терезесін, есігін ашуға, терезесін сындыруға болмайды, себебі өрт түтін қасындағы бөлмелерге ауып кетпеуі үшін. Бөлмеден шығып бара жатқанда терезені, есікті жауып кету керек;

  1. Мекеме басшылығы және қызметкерлер өрт болған жердің себебін, оның енді қайта болмау жолдарын, жасалатын шараларын қарау керек.
▲